{metadescription}
Енді мұғалімге тіл тигізгендер қамауға алынады

Енді мұғалімге тіл тигізгендер қамауға алынады

"Педагог мәртебесі туралы" заңда ұстаздар жалақысын көтеруден бастап олардың абыройына нұқсан келтіргені үшін айыппұл төлеуге дейінгі шаралар қарастырылған. 

Заң жобасында ұстаздық қызметпен айналысуға тыйым салу шарттары да бар. Атап айтқанда, психикалық және мінез-құлықта ауытқуы бар, дәрігердің бақылауында тұрған қабілеті шектеулі адамдарға педагогикалық қызметпен айналысуға рұқсат жоқ.

Бұдан бөлек, мұғалімдердің этика мәселесіне баса назар аударылады. Ол үшін әрбір білім беру мекемесінде әдеп кеңестері жұмыс істейді. Ал материалды емес ынталандыру тетіктері аясында ұстаздардың балаларына балабақшаға бірінші кезекте орын беру нормасы қарастырылып отыр. Барлық педагог алдағы уақытта 56 күндік демалысқа шыға бастайды.

Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін ер азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру нормасы кеңейтілді. Бұған дейін тек ауыл мұғалімдерінің әскери қызметі кейінге шегерілсе, енді осы жеңілдік барлық ұстазға таралады.

  • Жеке тұлғалардың ұстазға тіл тигізгені үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер бір жыл ішінде осы тәртіп бұзушылық қайталанса, онда 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады;
  • Кәмелет жасқа толмағандардың педагогке тіл тигізгені үшін ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 30 АЕК-ке өседі;
  • Мұғалімді өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартқаны үшін ескерту беріледі. Егер жыл ішінде қайталанса, 20-120 АЕК көлемінде айыппұл салынады;
  • Қарастырылмаған есептілікті талап еткені үшін алдымен ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде қайталанса, 20-120 АЕК көлемінде айыппұл салынады;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылмаған тексерістер жүргізгені үшін ескерту беріледі. Егер бір жыл ішінде қайталанса, 20-120 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.