{metadescription}
Атырауда жоғалып кеткен екі бала өлі табылды

Атырауда жоғалып кеткен екі бала өлі табылды

Атырауда күні кеше жоғалған 9 жасар екі баланың денесі өлі күйінде табылды.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметінің хабарлауынша, екі баланың денесі Перетаска өзенінің маңынан табылған. Облыстық полиция департаменті балалардың үйлерінен 11 қаңтарда шыққанын мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар департаменті жеткіншектер өзенге барып ойнауы мүмкін деген нұсқаны қарастыруда. Сонымен қатар, су үстіндегі мұздың әлі қатпағаны атап өтілді. Сондай-ақ, сүңгуірлер де іздеу жұмыстарына қосылған.

Алғашында бір баланың өлі екені белгілі болды. Оның денесі Перетаска өзенінен шығарылған. ATRress мәліметінше, екінші баланың денесі де кейінірек өзеннен табылыпты. Қайғылы жаңалықты төтенше жағдайлар бөлімі жеткізді

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін әлеуметтік желіде Әлихан және Жанболат есімді екі баланың жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.