Синоптиктер ауа райына болжам жасады
Қазгидромет 18-20 қаңтардағы ауа райына болжам жасады, солтүстік пен шығыста қар жауып, бұрқасындатады.
13:41 17.01.2020
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері күн жылы болады.
"Атлантикадан ауа массаларының ығысуына байланысты алдағы демалыс күндері Қазақстанда жылы ауа райы сақталады. Ауа температурасы солтүстік жартысында климаттық нормадан 5…10°С-қа жоғары, оңтүстікте нормаға жуық және 2...4°С-қа жоғары болады", - деп мәлімдеді Қазгидрометтен.
Синоптиктердің болжамынша, республика арқылы өтетін атмосфералық ағымдардың әсерінен солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасындатып, қар жауады, оңтүстік өңірлерде жабысқақ қар жауады.
Күндіз ауа температурасы 0, -8°С, оңтүстікте +3…-5°С шамасында болғандықтан, Қазақстан аумағының басым бөлігінде көктайғақ және көру қашықтығы 500 метрден төмен тұман сақталады, деп жазады Қазгидромет.
Ірі мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 18 қаңтарда күн бұлыңғыр, қар жауады. Түнде -3℃, күндіз -4℃.
- 19 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -7℃, күндіз -3℃.
- 20 қаңтарда да күн бұлыңғыр, аздаған қар жауады. Түнде -15℃, күндіз -7℃.
- Тағы оқыңыз: 2020 жылы паспорт пен жүргізуші куәлігін алу қанша тұратыны белгілі болды
Алматы
- 18 қаңтарда күн ашық. Түнде -6℃, күндіз -1℃.
- 19 қаңтарда күн ашық. Түнде -9℃, күндіз -3℃.
- 20 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде +2℃, күндіз -1℃.
Шымкент
- 18 қаңтарда күн ашық. Түнде -7℃, күндіз +3℃.
- 19 қаңтарда күн бұлыңғыр. Түнде -6℃, күндіз +4℃.
- 20 қаңтарда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -1℃, күндіз +1℃.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!