{metadescription}
16 жасар қыз ата-анасы таңдаған адамға тұрмысқа шыққысы келмей көз жұмды

16 жасар қыз ата-анасы таңдаған адамға тұрмысқа шыққысы келмей көз жұмды

Екатеринбургте 10 қаңтар күні кешке Эльмаш ауданының тұрғындары көшеде жансыз қыздың денесін тапты.

Өтіп бара жатқандар дәрігер шақырған. Бірақ, өкінішке орай, қыз сол жерде жан тапсырған. 16 жасар қыздың өзіне-өзі қол жұмсауынан кейін тергеушілер "өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша іс жүргізіп жатыр.

Қайтыс болған 16 жасар Тамара есімді қыз екатеринбургтікі болып шықты. Қыздың мәйіті ескі Большевиктер терезенің астынан табылған. Қыз осы үйдің сегізінші қабатында ата-анасымен бірге тұрады екен. Бастапқыда жүргізілген тергеу амалдары қылмыстық іс деп таппаған. Бірақ, құқық қорғау органдарындағы "КП-Екатеринбург" дереккөзі хабарлағандай, тергеушілер жақын арада РФ ҚК 110 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады (кәмелетке толмағанға қатысты өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу).

Ұлты бойынша Тамара және оның ата-анасы - езид. Қаза болғандардың сыныптастары қыздың отбасы осы этнос үшін дәстүрлі дін ұстанғанын айтады. Қыз әлеуметтік желілерде тіркелмеген екен. Бірақ ата-аналар оған қыдыруға және құрдастарымен уақыт өткізуге тыйым салмаған. Ұстаздары мен құрдастары отбасы жақсы еді деп сипаттайды.                   

"Тамара өте таза, жарқын адам болды. Ол ешқандай теріс қылық көрсетпейтін. Оны суицидке барады деп мүлде ойламадық. Сабағы да жақсы. Балаларға қандай да бір көңіл көтеретін орындарға баруына тыйым салатын шығыстық отбасылар бар, бірақ Тамарға қатысты мұны айтпайды. Ол киноға, мұражайларға барды, сыныппен түрлі іс - шараларға қатысты", - дейді қызды жақсы білетін педагогтардың бірі.

Сондай-ақ, мұғалім тоғызыншы сыныпта бітіргеннен кейін қыз одан әрі оқуға бармағанын айтты.

"Менің білуімше, оны ата-анасы тұрмысқа бермекші болған. Олардың дініне сәйкес, мұны 16 жастан бастап жасауға болады. Бірақ Тамараның өзі мұны қалады ма білмеймін. Менің білуімше, Тамара тоғызыншы сыныптан кейін ешқайда оқуға түспей, үйінде отырған", - деп нақтылады педагог.

Қаза тапқан қыздың сыныптастары да бұл ақпартты теріске шығармайды. Құрбысының бірі өлерінен бұрын Тамара ата-анасымен бірге Омбы қаласына барғанын айтты. Ал онда ата-анасы қызына күйеуі ретінде көргісі келген жас адам тұрды.

"Омбы қаласынан Екатеринбургке ата-анасымен немесе жалғыз өзі келді ме білмеймін, бірақ содан кейін осындай жағдай болды. Менің ойымша, ол өзіне қол сала алмайды. Тамараны қасақана өлтіргеніне сенімдімін", - дейді таныс қыздар.

Свердлов облысы бойынша ЕҮК баспасөз қызметі "қайтыс болған қыздың ісімен айналысып жатырмыз" деген қысқа түсініктемемен шектелді. Бірақ тергеу барысымен таныс дереккөз "КП" - мен сөйлескенде қаза болған адамның педагогы мен құрбылары баяндаған ақпаратты растады.

"Шын мәнінде, қызды омбылық тұрғынға үйлендіргісі келген. Бірақ оның өзіне-өзі қол жұмсауына дәл осы жағдай себеп болғанын сенімді айтуға болмайды. Бір деректер бойынша ол тұрмысқа шыққысы келген. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр. Орын алған оқиғаның нақты себептері, сондай-ақ бұған басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екені қылмыстық істі тергеу барысында анықталады. Әзірге ол нақты ешнірсе дей алмаймыз", - деді істің мән-жайын білетіндер. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.