Алматы облысында екі оқушы қыз жоғалып кетті
Ескелді ауданының екі оқушысы Ару Бекберді мен Талшын Қызырбай іздестірліп жатыр.
14:40 22.01.2020
Полиция департаментінің хабарлауынша, 21 қаңтар күні, кешке Ескелді аудандық полициясына Алдабергенов ауылында тұратын 2006 және 2008 жылы туған екі баланың мектепке кетіп, оралмағаны туралы өтініш түсірген. Ару Бекберді Алдабергенов ауылындағы Баисов атындағы орта мектепте 8-сыныпта оқиды, қызғылт түсті күрте, қара бас киім және шалбар киген. Талшын Қызырбай 6-сыныпта оқиды, қызыл күрте, қоңыр бас киім мен шалбар киген.
«Дабыл бойынша аудандық полицияның барлық жеке құрамы іздеуге шықты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар, педагогтар мен еріктілер де іздестіруге жұмылдырылды. Кенттегі барлық қараусыз қалған үйлер, шатырлар, жертөлелер және жақын орналасқан елді мекендер тексеріліп жатыр. Іздестіру жұмыстары сондай-ақ, Талдықорған мен Алматы қалаларында да ұйымдастырылған, Оларға ювеналды полиция инспекторлары, аудандық және облыстық полиция іздестіру бөлімдерінің жедел уәкілдері тартылған», - делінген таратылған хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!