Ақмола облысында қасқыр атқан тұрғын ұсталды
Ақмола облысында жыртқыш аң атуға мораторий жарияланғанына қарамастан ер адам қасқыр атқан.
13:38 24.01.2020
«Степногорск қаласының 57 жастағы тұрғыны «Лесостепное» орман шаруашылығы аумағында қасқыр атқан. аталмыш оқиға ҚР ҚК 337-і бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, Қазақстанның бірақтар өңірлерінде қасқыр атуға мораторий жарияланды. Оның ішінде Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары аумағындағы елді мекендерде қасқыр тек үй жануарларына шабуыл жасаса ғана атуға рұқсат етіледі. 6 қаңтардан бастап, облыс аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Сонда бері табиғатты қорғау полициясы тарапынан 140 әкімшілік және 5 қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!