{metadescription}
Слесарь 76 жастағы зейнеткерді зорлап, артынша өлтіріп кеткен

Слесарь 76 жастағы зейнеткерді зорлап, артынша өлтіріп кеткен

Үшінші этажда орналасқан пәтердің ас бөлмесінің терезесінен секіріп кеткен.

Мәскеу полицейлері егде жастағы әйелді тонап, зорлап және өлтірді деген күдікпен ер кісіне ұстады. Бұл туралы Мәскеудің ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомстваның мәліметінше, кезекші полиция бөліміне Архитектор Власов көшесіндегі үйдің 76 жастағы тұрғынның үйінен көршілерінің үйіне су ағып жатыр деген ақпарат түседі. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері пәтерден зейнеткердің мәйітін тапты.

Қылмыс жасады деген күдікпен Домодедово әуежайында 28 жастағы слесарь ұсталды. Болжам бойынша, ер кісі зейнеткерді тонамақ болған. Ол пәтерге кіріп, әйелге шабуыл жасаған, сосын 30 мың рубль ақшаны алып, кейуананы ұрып-соғуды әрі қарай жалғастырған.

"Ол қолымен дененің әртүрлі жерлеріне соққылар жасады, оның еркінен тыс зорлап, содан кейін қылмысты жасыру мақсатында оны мықтап қолымен тұншықтырған. Содан кейін үшінші этажда орналасқан пәтердің ас бөлмесінің терезесінен секіріп кеткен",  - делінген хабарламада.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.