Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтан мен бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды
Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтанда дабылды ескерту жарияланды.
20:38 28.01.2020
"Түнде 29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты қар. Кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Өскемен қаласында түнде 29 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні түнде 15-20 м/с жетеді. Семей қаласында түнде 29 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні түнде 15-20 м/с жетеді", - делінген синоптиктер хабарламасында.
Қазгидромет дауылды ескертудің ықтималдылығы 90 пайыздан асатынын жеткізді. Ауа райын болжаушылар Қостанай және Түркістан облыстарында тұман болады дейді, ал Қызылорда облысында тұманға қоса, көктайғақ болады екен.
"29 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қаласында түнде 29 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%", - деп қосты синоптиктер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram