Сәтпаев қаласында екі адамды өлтіріп кеткен
Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында полицейлер екі ер адамның мәйітін тапты.
18:31 17.02.2020
16 ақпанда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне қаладағы пәтерлердің бірінде екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оларды өлтіріп кеткен. Тәртіп сақшылары қаза тапқандардың аты-жөнін анықтады.
«Жедел-іздестіру барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.