{metadescription}
Ер адам коронавирус туралы әзілі үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

Ер адам коронавирус туралы әзілі үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

Мәскеу метросында Қытайда кең таралып жатқан қауіпті коронавирус індеті жөнінде әзілдеген тәжік азаматы Кароматулло Джабборовтың 7 жылға дейін сотталу қаупі тұр.

Бұл жөнінде оның адвокаты Роман Шахматов хабарлаған.

"Оған тағылған "бұзақылық" бабын "алдын ала келісілген бұзақылық жасау" бабымен ауыстырды. Бұл бап бойынша айыпталушы қылмыс жасады деп саналады, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді айыпталушының адвокаты.

Ресей ІІМ мәліметінше, 2 ақпанда Мәскеу матросы станцияларының бірінде ер азамат ауырған сияқты болып құлаған. Ол коронавирус жұқтырғанын айтып, айқайлаған. Бұл жолаушылардың үрейін туғызған. Кейін бұл видео әлеуметтік желілерде кең тарап кетті. Соңғы мәліметтер бойынша Қытайда қауіпті індеттен 2 000 - ға жуық адам қайтыс болды.

Дереккөз: centralasian.org

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде