{metadescription}
Bek Air ұшағының қалай құлағаны видео арқылы көрсетілді

Bek Air ұшағының қалай құлағаны видео арқылы көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Алматы маңындағы құлаған Bek Air  әуе компаниясының видеосын көрсетті.

Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) бас директоры Виктор Сороченко визуализация мемлекетаралық авиациялық комитеттің техникалық зертханасы негізінде жасалғанын айтты. МАК-тың хабарлауынша, ұшақтың қисайып не тербелуіне екі нәрсе себеп болуы мүмкін.

Біріншісі - қанаттың таза болмауы немесе қанат жазықтығы тұтастығының бұзылуы. Екіншісі - мұз қату немесе мұздан басқа да нәрсемен жабылуы. Роликтің жартысына дейін ғана шынайы дауыстар берілген. Стандарттарға сәйкес, көпшілікке жариялауға тыйым салынғандықтан, ұшқыштардың сөйлескен бөлігі әдейі өшірілген.

Құлаған ұшақ көтеріле алған ең жоғарғы биіктік - 6 метр. Жағдайдың тұрақсыздығын аңғарған ұшқыштардың бірі ұшуды тоқтатуға тырысқан. Бұл адами фактор апаттың нәтижесіне де әсер етуі мүмкін деп болжанды. Кейінірек, екінші ұшқыштың шешімімен ұшу жалғасқан, алайда әуе кемесі жерге құлап, қоршауға, артынша тұрғын үйге соғылған. Соқтығысудан ұшаққа зақым келген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.