{metadescription}
Сыра зауытының қызметкері бес әріптесін атып тастады

Сыра зауытының қызметкері бес әріптесін атып тастады

Сәрсенбі күндіз Милуокиде «Molson Coors» сыра қайнату компаниясының қызметкері жұмыс уақытында бес әріптесін атқан.

Бесеуі де мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC ресурсына сілтеме жасап. Милуоки полициясының мәліметінше, компанияның әкімшілік ғимаратында қанды оқиғадан кейін 51 жастағы азамат өзін атып өлтірген. Атыс кезінде ол компанияның жұмыс киімінде болған. Милуоки полициясының басшысы Альфонсо Моралес ғимараттан бес қызметкердің денесі табылғанын растады. Атқан азамат пен марқұмдардың аты-жөні әзірге хабарланбайды. Оқиға себептері анықталмады.

«Милуоки үшін бұл – өте ауыр күн, мен қаза тапқан компания қызметкерлерінің отбасына көңіл айтамын», - деді Моралес журналистерге.

Ол сондай-ақ атыс кезінде ғимаратта 1000-нан астам Molson Coors қызметкерлері болғанын растады. Оқиғадан кейін жасаған мәлімдемеде «Molson Coors Beverage Co» компаниясының атқарушы директоры Гэвин Хаттерсли оқ атқан адам Милуокидегі сыра қайнату зауытының қызметкері екенін атап өтті. Жергілікті биліктің айтуынша, кәсіпорындағы атыс - 2004 жылдан бергі мемлекеттегі 11-ші жаппай кісі өлтіру қырғыны.

Molson 2016 жылы тағы бір MillerCoors компаниясын толығымен сатып алды және 2019 жылы компанияның аты «Molson Coors Beverage Co» болып өзгерді. Бұл өзгеріс корпоративті қайта құрылымдаудың бөлігі болды, нәтижесінде жүздеген жұмыс орны Денверден Милуоки қаласына ауыстырылды, бұл компанияға шығынды азайтуға мүмкіндік берді. Сәрсенбі күні президент Дональд Трамп баспасөз конференциясын атыс құрбандары мен олардың отбасына көңіл айтудан бастады, оқ атқан адамды«қауіпті кісі өлтіруші» деп атады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.