Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көмір шахтасында болған апаттан 5 адам мерт болды
Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Юньнань провинциясындағы көмір шахтасында апат болған.
15:05 01.03.2020
Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап, жергілікті биліктің мәлімдеуінше, сенбі күні кешке Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Юньнань провинциясындағы көмір шахтасында болған апаттан 5 адам қаза тапқан. Апат Лопин уезіндегі «Шугэньтянь» шахтасында 22 кенші жер астында болған кезде, жергілікті уақыт бойынша сағат 21:10-да болған. Құтқарушылар үйінді астынан бес кеншінің денесін алып шықты, тағы 17 адам құтқарылды. Қазір апаттың мән-жайы анықталуда.
Еске сала кетейік, Вашингтонда коронавирус эпидемиясына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram