Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтаулық оқушының әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті
Мектеп оқушысы дәмханалардың біріне сағыз сатылатын аппарат орнатып, гүлге ақша жинаған.
12:32 08.03.2020
Ол барлық тапқан табысын көше сыпырушыларға жұмсады. Ақтауда 10 жастағы оқушы қалалық коммуналдық қызметтің нәзік жандарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау үшін ақша жинады. Кішкентай Әлижан видеоны өзінің Istagram парақшасында жариялаған.
Одан оқушының көше сыпырушыларға жақындап, гүл шоғын сыйлап, 8 наурыз мерекесімен құттықтап жатқаны көрінеді. Бұл идеяны оған анасы айтыпты. 10 жасар тұрғынның әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.
"Ақылдысын-ай! Сенің анаңа үлкен рақмет!", - деді қоғам қайраткері Ирина Медникова.
Кәсіпкер Шамрад Телеубаев жеке парақшасында Әлижан оған үш жыл бұрын келіп, дәмханаға сағыз сатылатын аппарат қоюды өтінгенін жазды.
"Мен, әрине, мұндай аппараттарға қарсымын. Бірақ оның бала кезден ақша табуға әрекеттеніп жатқанын көрген соң, аппаратты қайтарымсыз негізде орнатуға рұқсат еттім", - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram