{metadescription}
Маңғыстау облысында көлік пойызбен соқтығысты

Маңғыстау облысында көлік пойызбен соқтығысты

Тауар таситын пойыз машинамен соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көлік жыраға түсіп кетті.

Жол-көлік оқиғасы Батыр ауылына жақын жердегі теміржол өткелінде болған. Nissan Teana маркалы көліктің жүргізушісі жақындап келе жатқан пойызды байқамай қалып, апатқа ұшырады.

«Жүк пойызы жол ережесін бұзған көлікті соғып, оны жыраға түсірді. Аталған жол өткелінде барлық тиісті жол белгілері тұр. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды», - делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.