{metadescription}
Актер Том Хэнкс пен оның жұбайы коронавирус жұқтырып алды

Актер Том Хэнкс пен оның жұбайы коронавирус жұқтырып алды

Қазіргі уақытта актер әйелімен бірге Австралияда, ерлі-зайыпты өздерін нашар сезінгесін дәрігерге қаралған.

Танымал америкалық актер Том Хэнкс әйелі Рита Уилсон екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды. 

"Рита екеуіміз қазір Австралиядамыз. Шаршап, суық тигендей болып, денемізде ауырсыну пайда болғанын байқадық. Ритада ара-тұра қалтырау болды", - деп жазды аурудың белгілері туралы актер.

Оның айтуынша, әйелі екеуі коронавирусқа тексерілген.

"Нәтижесі оң болды", - деп жазды Том Хэнкс.

Том Хэнкс – әйгілі америкалық актер, продюсер, режиссер және жазушы. Ол "Forrest Gump", "Cast Away", "Sully", "Saving Private Ryan" фильмдеріндегі рөлдері арқылы көрермен есінде қалды. Голливуд жұлдызы үздік ер адам рөлі үшін екі рет "Оскар" алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.