{metadescription}
Қарттар үйі мен интернаттарда карантин енгізілді

Қарттар үйі мен интернаттарда карантин енгізілді

Қазақстанның барлық медициналық және медициналық-әлеуметтік ұйымында, қарттар үйі мен интернаттарда карантин жарияланды.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.  

"Бүгіннен бастап медциналық ұйымдарда, ауруханалар, медициналық-әлеуметтік мекемелер, сонымен қатар интернаттар мен қарттар үйінде карантин енгізіледі. Осыған байланысты бұл мекемелерге тек сол жердің қызметкерлері ғана кіргізіледі. Бөгде адамдар кіре алмайды", - деді Біртанов онлайн брифингте.

Министр санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтілгенін атап өтті. Медициналық мекемелерде фото, аудио, видео түсіруге қатаң тыйым салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде