Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елжан Біртанов пандемия кезінде қолды қалай жуу керектігін көрсетті
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ДДСҰ бастамасы бойынша жасалған челленджді қолдады.
20:00 22.03.2020
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-парақшасында пандемия жағдайында қолда қалай жуу керектігін көрсетті.
«Бұл челледжді менің әріптесім, досым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедрос бастаған. Коронавирустық инфекцияны тоқтату үшін, әр адам өзінің жеке бастық гигиенасын сақтау керек. Оның бірінші қадамы – қол жуу. Сабынды алып, қолымызды жақсылап сабындаймыз. Бірінші алақанымызды жуамыз, кейін қолымыздың сыртқы бетін жуамыз, саусақтарымыздың арасында жақсылап сабындаймыз, сосын бас бармағымызды жуамыз және тырнағымызды жуамыз. Ағын суға қолымызды жақсылақ жуып, таза сүлгі алып, қолымызды құрғатып сүртеміз», - деді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram