Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қызылордада қатты желден тағы бір мектептің шатыры ұшып кетті
Қызылорда облысында қатты желдің әсерінен тағы бір мектептің шатыры ұшып кетті.
11:11 25.03.2020
Облыстық жұмылдыру басқармасының мәліметінше бұл оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Қосүйеңкі ауылында орын алған. Ауылдағы №161 орта мектептің шатыры 150 шаршы метр аумақта бүлінген. Бұл жағдай кеше кешкісін орын алған.
«Оқиға орнына мамандар арнайы техникамен барып көрді. Қайтыс болғандар және зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті ведомстводан.
Соңғы екі күнде Қызылорда облысында қатты жел соғып тұр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 25 наурызда секундына 15-28 метрге дейін жел соғатынын хабарлады. Сондай-ақ, кеше Қызылорда қаласындағы университет ғимаратының шатыры ұшып кетті .
Қатты желдің әсерінен Қызылорда облысында бір мектептің шатыры ұшып кетті. Электр бағанасы құлап, бірнеше ауыл жарықсыз қалды.
Еске сала кетейік, Қызылордада университет ғимаратының шатыры ұшып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram