{metadescription}
Қызылорда облысының экс-әкімі қамауға алынды

Қызылорда облысының экс-әкімі қамауға алынды

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовты сот үй қамауына алу туралы санкция шығарды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 28.03.2020 жылы Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Қызылорда облысының әкімі Қ.Искаковқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат түсті.

Аталған тұлғаға ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен күдік келтірілген. Күдікті Қуанышбек Досмаилович Искаковқа қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат қанағаттандырылды. «Үйқамақ» бұлтартпау шарасының 2 (екі) ай мерзімі 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленген. Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде