Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан 6 адам ауыр хәлде жатыр
Қазақстанда екінші адам коронавирустан көз жұмғаны белгілі болды.
13:41 31.03.2020
50 жастағы пациент бір ай бойы ауырса да, дәрігерлерге қаралмаған. Астанада коронавирус жұқтырған алты пациенттің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.
"Қазіргі таңда алты адамның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Екі адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, ем алып жатыр. Қалған пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық", – деді Қисықова онлайн брифингте.
Бұған дейін ол Қазақстанда екінші адам коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді. 50 жастағы пациент бір ай бойы ауырса да, дәрігерлерге қаралмаған. 21 наурызда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 31 наурызда дерттің салдарынан қайтыс болды.
31 наурыздағы мәлімет бойынша елорда ауруханаларында 1 693 адам жатыр. Оның 96-сы он сегізге дейінгі балалар. Бүгінгі таңда астанада коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram