{metadescription}
Шымкентте коронавирус жұқтырған 5 адам бір отбасы мүшелері болып шықты

Шымкентте коронавирус жұқтырған 5 адам бір отбасы мүшелері болып шықты

Шымкентте соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 5 адам бір отбасы мүшелері болып шықты.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдай штабы мәлімет таратты

«Қалада 5 сәуір күні анықталған 5 адам — бір отбасының мүшесі. Олар: әкесі, анасы, ағасы, әйелі, баласы болып табылады. Сол азаматтардан алынған сынама инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Бұл науқастар бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласынан келген 24 жасар науқаспен байланыста болғаны анықталып отыр. Қазіргі таңда барлық індет жұқтырғандар оқшауланып, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте бүгінге дейін 19 адамның қауіпті індетке шалдыққаны анықталып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.