{metadescription}
Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 74 мыңға жетті

Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 74 мыңға жетті

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметтері бойынша, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 74 мыңға жетті.

Олар басым көпшілігі - Еуропа тұрғындары. COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны - 1,3 миллион. Коронавирус індетінен қайтыс болғандардың саны бойынша бірінші орында Италия - 13,1 мың адам, артынша АҚШ - 10,3 мың адам, Франция - 8,9 мың адам және Ұлыбритания - 5,3 мың адам. 

Соңғы күні Италияда 1941 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы елде COVID-19 жұқтырғандардың саны - 93 187. Оның 22 837-сі жазылып шықты. 

Ал Ұлыбританиядағы жағдай мәз емес: бір күнде коронавирус жұқтырған 3802 адам анықталды. Соңғы мәлімет бойынша, жалпы 51 608 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Сонымен қатар, 439 адам қайтыс болды. Соңғы үш күнде науқастан жазылып кеткендер тіркелмеген. Ұлыбритания бойынша айығып кеткендердің жалпы саны - 135. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.