Шымкенттегі жаңадан коронавирус жұқтырған адамдар туралы не белгілі
Таңертеңгі жағдай бойынша елде коронавирусты жұқтырудың 32 жаңа жағдайы анықталды, оның төртеуі Шымкент қаласында тіркелді.
11:18 09.04.2020
Бәрі коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған және зертханалық сынама алынған. Нәтижесінде COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытқа дейін Шымкентте коронавирус жұқтырған 27 адам анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!