{metadescription}
Үйлерінен себепсіз шыққандар полиция учаскесіне жеткізілді

Үйлерінен себепсіз шыққандар полиция учаскесіне жеткізілді

Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері 180 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның 67-сі қамауға алынды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласының көшелерінде тәулік бойы кезекшілік атқаруға жедел топтар мен жаяу нарядтар жұмылдырылған. Карантинге байланысты Атырау қаласына кіріп-шығу фактілерін болдырмау мақсатында Алмалы, Бесікті, Қараөзек және Қарабатан блокпосттары маңайындағы айналма жолдарды патрульдейтін арнайы мобильді топтар құрылған. Сондай-ақ, дрон көмегімен іргелес аумақтарға бақылау жүргізілуде.

«Сәуірдің 7-сінен 8-іне, 8-інен 9-ына қараған түнде көшеге себепсіз шыққаны үшін полицияға 70-ке жуық азамат жеткізілді. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодестің 476-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 180 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 67-сі қамауға алынды», - деді Полиция департаментінен.

Сонымен бірге, мас күйінде патрульге бағынбаған 9 адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 478-бабымен хаттамалар толтырылған. Ал, блокпостарды айналып өтпекші болған 21 әрекеттің жолы кесілген. Оның ішінде 13-і жеке автокөліктерімен айналма жолдарда анықталды. Осы мерзім ішінде облыс полицейлері 3 мыңнан астам азаматқа түсіндіру жүргізген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде