{metadescription}
Испания шілдеден бастап туристерді қабылдауға әзір

Испания шілдеден бастап туристерді қабылдауға әзір

Испания премьер-министрі Педро Санчес сенбі күні айында елдің туристер қабылдауға дайын екенін мәлім етті.

«Шілде айынан бастап шетелдік туристердің қауіпсіз жағдайда Испанияға келуі бұрынғы қалыпқа келтіріледі», - деп жариялады Санчес баспассөз мәслихатында.

Испания жыл сайын 80 миллионнан астам туристі қабылдайды, ал туризм – ел экономикасының ең маңызды саласы.

«Испания туризмге мұқтаж, ал туризм саласында елге келу-кету бағдарында қауіпсіздік қажет. Біз туристер төніп тұрған қауіптің жоқ екеніне кепілдік береміз», - деп атап өтті Педро Санчес.

Бұған дейін Испания үкіметі жаңа коронавирустың таралуына жол бермеу үшін елге 15 мамырдан бастап келетін адамдардың барлығына екі аптаға карантинге жатқызуды қолға алатынын хабарланған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде