{metadescription}
Екі қызды көлік төбесіне отырғызған жігіт 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Екі қызды көлік төбесіне отырғызған жігіт 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Мас күйінше көлік жүргізген елорда тұрғыны ұсталды.

24 мамыр күні таңғы 04.30 кезінде 24 жастағы қала тұрғыны мас күйінше орталық саябақта Lexus LX 570 көлігін жүргізген. Бүгін әлеуметтік желіде екі қызды Lexus LX 570 көлігінің төбесіне отырғызып алған жүргізуші бейнеленген видео тарады. Қалалық полиция қызметкерлері жас жігітті ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабы 1-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартты.

Әкімшілік соттың қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке қамалды. Ол енді 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды. Сот оны мұндай мүмкіндіктен айырды. Автомобиль айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ екі жолаушы – көліктің төбесінде отырған 2000 және 2001 жылы туған екі қыз да аталған кодекстің 615-бабы бойынша жауапқа тартылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде