Еуропада алғашқы мемлекет коронавирусты жеңді
Еуропаның Черногория мемлекетінде 20 күннен бері коронавирус жұқтырған науқас тіркелмеген.
16:26 25.05.2020
Осылайша Черногория Еуропадағы індетті жеңген алғашқы ел болды. Бұл туралы Черногорияның Қоғамдық денсаулық сақтау институты Twitter-де хабарлады.
"Қазіргі таңда ресми түрде Черногорияда COVID-19 тіркелмегенін жариялаймыз. Ауру жұқтырғандар анықталғаннан бастап 68 күн өткен соң мемлекетте індетке шалдыққандар қалмады", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, жақында зертханада елдегі соңғы 140 талдау үлгісі аяқталды, олардың арасында бір де бір жағдай анықталған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары