Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам көз жұмды
Шымкентте 1959 жылы туған, Павлодар облысында 1966 жылы туған науқас қайтыс болды.
19:11 31.05.2020
Барлығы Қазақстанда COVID-19-дан 40 адам көз жұмды. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Шымкентте 1959 жылы туған, Павлодар облысында 1966 жылы туған науқас қайтыс болды.
Барлығы коронавирус инфекциясы тарала бастаған кезден бері Қазақстанда COVID-19-дан 40 адам көз жұмды. Өткен аптада елде 2 536 COVID-19 жұқтырды. Алматы, астана қалалары мен Қарағанды облысы антирейтингте көш бастап тұр. Вирус жұқтырғандардың ең аз көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысында байқалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!