Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ер азамат ұмытшақтығының салдарынан қомақты жүлдеден айрылып қала жаздады
АҚШ-тың Солтүстік Каолина штатының тұрғыны жүз мың долларлық ұтыс алып келген лотерея билетін ұмытып кеткен.
17:49 01.06.2020
Альберт Белк есімді америкалық Cash 5 лотерея билетін сатып алып, оны жүк көлігінің орындығына ұмытып кетіпті. COVID-19 пандемиясына байланысты ол үйінен шықпай, көлігін мүлдем пайдаланбаған. Ал оның лотерея билеті 30 сәуір күні ойнатылған көрінеді .
Екі апта өткен соң ол тағы бір рет лотерея ойнамақшы болып, билет сатып алыпты. Тек сонда ғана ол көлігінде тексерілмей қалып қойған бірінші билетті байқаған. Автомат арқылы алғашқы билетін тексерген ол 468 мың долларлық ұтысқа кенелгенін анықтаған.
Жолы болған азамат ұтысын 26 мамыр күні иеленген. Сөзінше, бұл қаражатқа ол әйеліне бағалы 2018 жылғы Cadillac CT6 автокөлігін сатып алып беріп, үйіне жөндеу жұмыстарын жасатпақшы. Ал қалған ақшаны ер адам құртпай, алдағы уақытта сақтап қоятынын жеткізіпті.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Серіктестер жаңалықтары