Көлікке газ құю стансысында жарылыс болды
Тбилиси қаласының Элгуджи Амашукели көшесінде, Нуцубидзе үстіртінде, көлікке газ құю стансысында жарылыс болды.
10:45 02.06.2020
Грузия ІІМ Төтенше жағдайлар басқармасы қызметінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан бір адам дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жүрген Тбилиси қаласы ТЖ қызметі басқармасының басшысы Отар Кереселидзе тілшілерге зардап шеккен ер адамның орта дәрежедегі дене жарақаттарын алғанын хабарлады.
Жарылыс толқыны көлікке газ құю стансысының жанында орналасқан үйлер мен ғимараттардың шыныларын сындырған. Сондай-ақ, оқиға орнында өрт шығып, оны сөндіруге алты өрт сөндіру-құтқару тобы жұмылдырылған. Оқиғаның себебі анықталған жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!