Коронавирус жұқтырған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды
Қамалжан Надыров Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
11:12 02.06.2020
«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Талғатұлы Надыров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Қазіргі тағайындауға дейін ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған болатын. Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін – экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, The Fuqua School of Business Duke University-де (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур) оқу орындарында білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы интерн-дәрігер, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Б.О. Жарбосынов атындағы "Урология ғылыми орталығы" бас директорының орынбасары болып бастады.
2014 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары "Республикалық диагностикалық орталық" (University Medical Center) директоры қызметін атқарды.
2017-2019 жылдары Астана қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.
2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Еске салайық, 22 сәуірде Надыровтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді. Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!