{metadescription}
Америкалықтар тізерлеп тұрып жылдар бойы көрсеткен нәсілшілдік үшін кешірім сұрады

Америкалықтар тізерлеп тұрып жылдар бойы көрсеткен нәсілшілдік үшін кешірім сұрады

АҚШ-тың Хьюстон қаласының тұрғындары 31 мамыр күні жиналып қара нәсілді марқұм азамат Джордж Флойдтың рухына дұға бағыштады.

Дұға жасау барысында ақ нәсілді америкалықтар тізерлеп тұрып жылдар бойы танытқан нәсілшілдік үшін кешірім сұрады. Бұған жауап ретінде қара нәсілді азаматтар да олардың кешірімін тізерлеген күйде қабыл алып, дұға етулерін жалғастырды. 

Айта кетерлік жайт, бүгінгі күні АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полицейлердің қатыгездігінен Джордж Флойд қаза тапқаннан кейін мемлекеттің аумағындағы толқулар басылар емес. Полиция қызметкерлеріне қарсы шерулер Лос-Анджелесте, Сан-Францискода, Денверде, Нью-Йоркте, Индианаполисте, Бостондп, Детройтта өтіп жатыр, деп жазады stan.kz. АҚШ үкіметі өз кезегінде кез келген полицейлерге жасалған шабуыл немесе басқа да дөрекелік ішкі терроризм ретінде есептелетінін мәлімдепті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде