Коронавирус: Өкпесінен айырылған жігітке трансплантация жасалды
Италияда коронавирус инфекциясының салдарынан тыныс алу мүшесіне зақым келген 18 жастағы жігітке жаңа өкпе трансплантацияланды.
09:34 03.06.2020
18 жастағы Франческода 2 наурызда инфекцияның белгілері пайда болған. 6 наурызда ол Миландағы Сан-Раффаэле ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. 23 наурызда жасанды қан айналымы аппаратына қосылды.
Оның өкпесі коронавирустың ауыр түріне шалдыққаннан мүлдем жұмыс істеуін тоқтатқан. Сол себепті ақ халаттылар оған жаңа өкпе трансплантациялау туралы шешімге келген. Бұған дейін осындай операция тек Қытайда жасалып келген. Бірақ, Миландағы осы отадан соң мұндай операция Венада да жасалды.
Мемлекеттік университеттің көкірек қуысы хирургиясы мектебінің басшысы Марио Нозоттидің айтуынша, операция күрделі болған. Aлдағы уақытта ер азамат күрделі әрі ұзақ ем шараларын қабылдауы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!