Қарағанды облысында отыз ғимараттың шатырын жел ұшырды
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында 20 тұрғын үй мен 10 әкімшілік ғимараттың шатырын жел ұшырды.
11:50 03.06.2020
Келген шығынды әкімдік жанынан құрылған комиссия анықтайды. 2 маусым күні болған жел мәденит үйі, автостанция ғимараты, аудандық аурухана, мектеп сынды ғимараттардың шатырын ұшырды. Сондай-ақ, бірқатар дүкен мен мейрамхана шатырсыз қалды.
"2 маусымда Ақтоғайда желдің екпіні күшейді. Салдарынан әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер шатырсыз қалды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайдани келген шығынды әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия анықтап жатыр. 1 маусымда қатты жел салдарынан Павлодар облысында да бірқатар ғимарат шатырсыз қалған болатын. Ағаштардың бірі жеке үй ауласында жасөспірімге құлады. Ол жергілікті ауруханаға жеткізілді. Алайда құтқару мүмкін болмады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!