Тікұшақ электр желісіне құлап, үш адам қаза болды
Американың Калифорния штатында азаматтық тікұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты.
13:48 03.06.2020
Әуе кемесі сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30-да Фэйрфилд қаласына жақын жерде апатқа ұшырады. Агенттіктің мәліметі бойынша, тікұшақтың бортында Pacific Gas & Electric компаниясының қызметкерлері болған.
Апат кезінде әуе кемесі электр беру желілерінің біріне соғылып, төбешікке құлаған, содан кейін өрт шықққан. Оқиға салдарынан осы аудандағы 38 мыңға жуық үй мен құрылыс жарықсыз қалды. Электр қуатын беру қашан қалпына келетіні әзірге белгісіз.
Оқиға орнына тікұшақтың құлауы салдарынан болған өртті сөндіруге бағытталған өрт сөндіру машинасы жолда аударылып қалды. Үш өрт сөндіруші түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Тікұшақ апатының мән-жайы анықталатын болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!