{metadescription}
Атырау облысында жасөспірімдер ұялы байланыс ұстайтын жер іздеп, жоғалып кеткен

Атырау облысында жасөспірімдер ұялы байланыс ұстайтын жер іздеп, жоғалып кеткен

Атырау облысының Махамбет ауданында жасөспірімдер ұялы байланыс ұстайтын жерді іздеп, жоғалып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 2 маусымда Қаңбақты қыстағынан 17 және 18 жастағы жасөспірімдер ұялы телефонмен сөйлесу үшін мобильді байланыс ұстайтын жерді іздеп шыққан. Бірақ, сол күні қыстаққа қайта оралмаған.

«Қаңбақты қыстағы Махамбет ауданының орталығынан 65 шақырым қашықта орналасқан. Бастапқыда оларды туыстары іздестіріп, таба алмаған. Содан соң, 3 маусымда Төтенше жағдайлар департаментіне хабар берген. Жоғалған жасөспірімдерді іздеуге 4 қызметкер жіберілді», -деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Алайда, құтқарушылар қыстаққа келгенге дейін туыстары екі жасөспірімді өздері тауып алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде