Алматының бірнеше көшесінде бір ай ыстық су болмайды
Алматының солтүстік бөлігінде орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады.
11:32 05.06.2020
«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, маусым айында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су беру кезең-кезеңмен тоқтатылады.
Лисаковская - Айша бибі, Волочаевская – Береке, Кожедуба - Янки Купалы, Сүйінбай – Қазақбаев, Терешкова – Эйхе, Жайсан – Космическая, Кассина - Ақан Сері, Хетагурова – Котельникова, 8-12 маусым аралығында;
Майлин – Сүйінбай - Дөнентаева – Монтажная – Физули, «Алтай-1», «Алтай-2», «Жұлдыз-2», 8 маусым мен 7 шілде аралығында тоқтатылады.
Компанияның мәліметінше, «Волочаевская, 381», «Таштитова 7», « № 80 мектеп», «Сейфуллин 152а « және «СВК» қазандықтарының су жылытатын желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!