{metadescription}
Қазақстандық бишілер World Folk Vision-2020 байқауында екінші орын иеленді

Қазақстандық бишілер World Folk Vision-2020 байқауында екінші орын иеленді

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жаһандық «World Folk Vision-2020» ұлттық мәдениеттер фестивалінде 2-ші орын иеленді.

Қазақстанның өкілдер халықтың даусының және халықаралық кәсіби қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаз ретінде танылды. Академияның шәкірттері байқауда «Әлем халықтарының билері» бағыты бойынша «Аққулар» композиясын таныстырды.

Фестивальге жалпы әлем елдерінен 3950 шығармашылық ұжым мен жеке биші қатысты. Халықаралық іріктеу барысында финалға 60 елдің 100 қатысушысы жетті. Мұндағы сыйлық қатысушыларға Бүкіләлемдік «World Folk Vision» мәдени бастамасы бойынша әлемнің түрлі елдеріндегі мәдени шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

World Folk Vision-2020 – мәдениеттің, өнер мен спорттың кәсіпқойлары мен әуесқойларын біріктіретін ірі халықаралық гуманитарлық жоба. Биыл фестиваль БҰҰ Жаһандық келісімінің 20 жылдығы мен Жаһандық Мәдени Бастаманы жүзеге асыру аясында өткізілді. Фестиваль – би әлеміндегі ірі шараның бірі. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты байқау тұңғыш рет онлайн форматта өткізіліп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде