{metadescription}
Нұр-Сұлтанда терезеден құлай жаздаған екі бүлдіршін құтқарылды

Нұр-Сұлтанда терезеден құлай жаздаған екі бүлдіршін құтқарылды

Елордада 5 және 2 жасар қыздар терезеден құлай жаздады.

Бүгін полицияға қала тұрғыны хабарласып, 4-қабаттағы терезеде кішкентай бала тұрғанын және құлап кетуі мүмкін екенін айтқан. Кешкі 18-04 кезінде қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Күйші Дина көшесі, 30-үйге жетті. Олар келе салысымен 4-қабаттың терезесінде екі кішкентай бала тұрғанын анықтады.

Құтқарушылардың бірі, азаматтық қорғаныс сержанты Р. Көбетаев полицеймен бірге автосатының көмегімен пәтер терезесіне көтеріліп, екі бүлдіршінді ішке кіргізді. Олар үйде өздері ғана екен, үлкендерден ешкім жоқ. Құтқарушылардың шұғыл әрекетінің арқасында 2015 және 2018 жылы туған екі қыз бала аман қалды.

«Бұл - балаларға қауіп төнбей, арты қайғылы жағдайға ұласпай, сәтті аяқталған оқиғалардың бірі. Ата-аналардан баланы пәтерде өзін ғана оңаша қалдырмауды өтінеміз», - деп мәлім етті департамент.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.