{metadescription}
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егілетінін айтты.

"Болжам бойынша вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары бар адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынады", - деп мәлімдеді министрліктен.

Екпе егілетін адамдардың болжамды саны – 2 миллион 347 мың. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауды жоспарлау вакцина әзірленіп, клиникалық сынақтан өткен соң ғана басталуы мүмкін.

"Қазіргі таңда вакцина әлі әзірленген жоқ және бағасы да белгіленбеген", - деді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі елде вирусты қайта жұқтыру жағдайлары тіркелмегенін атап өтті. 6 шілдедегі мәлімет бойынша республикада барлығы 48 574 адам індетке шалдықты.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде