{metadescription}
Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды

Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды

Нариман Мұқышев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен, ал Мәдина Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.

"Нариман Мұқышев – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Мәдина Жүнісбекова – ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды. Ал ұлттық экономика вице-министрі қызметіне Айгүл Шайымова тағайындалды", – делінген хабарламада.

Айгүл Шайымова туралы не білеміз?

Айгүл Шайымова 1979 жылы Ақмола облысының Мариновка ауылында дүниеге келген.

Гумилев атындағы Еуразия университетін, қаржы полициясы академиясын, Ресей президентінің халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Ол әр жылдары қаржы полициясы агенттігі мен экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде және бас прокуратурада жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталық меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде аппарат басшысы болды.

2016 жылы – мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр.

2016 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың шілдесіне дейін мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды.

2019 жылдың шілдесінен бастап Мәдина Жүнісбекованың оқу демалысы кезеңінде ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

Нариман Мұқышев туралы не білеміз?

Нариман Мұқышев еңбек министрлігінде цифрландыру саласына жауап берді. 2020 жылдың сәуір-мамыр айында ол 42 500 теңге жәрдемақы алу үшін сайттар мен ақпараттық жүйелерге техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болды. Бұрынғы вице-министр әлеуметтік желілерде төлемдер туралы сұрақтарға белсенді жауап беріп тұрды.

Нариман Мұқышев 1984 жылы 9 мамырда Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел университетін, Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз: Дәрігердің шағымынан кейін Меркі ауруханасының басшылығы қызметінен босатылды

2014 жылғы қарашадан 2018 жылдың маусым айына дейін "Қазпочта" АҚ басқарушы директор қызметін атқарды. 2018 жылдың маусымында ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.