{metadescription}
Қостанай облысында жоғалып кеткен балықшының денесі судан шығарылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен балықшының денесі судан шығарылды

Қостанайлық құтқарушылар суға кеткен балықшының денесін тауып, жағаға шығарды.

Қостанай облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Жарқайың көлінен 1969 жылғы балықшының денесін алып шықты.

«Екі балықшы 27 маусым күні Ұзынкөл ауданындағы Речное көлінен 5 шақырым аумаққа шыққан. Балық аулау кезінде қайық үстінде екеуі де отырған. Кенет қайық аударылып, адамдар суға құлаған. Бір балықшы жағаға дейін өзі жүзіп жеткен», - делінген ТЖД ақпаратында.

Сүңгуірлер балықшының денесін сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полицияға тапсырды. Балықшыны іздеу операциясына ТЖД жеке құрамының 8 қызметкері, 2 жүзу құралы және 2 техника жұмылдырылды. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыстың су айдындарында 3 балықшы суға кетіп қалған. Сол себепті ТЖД мамандары тұрғындарды балық аулау кезінде барынша сақ болуға шақырады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде