Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шетел азаматы Алматыдағы жалдамалы пәтерді тонап, еліне қашып кетті
Алматы облысында Тәжікстан азаматы өзі жалдап тұрған пәтерінен 1 миллионнан астам теңге және бағалы заттарды ұрлап, отанына қашып кетті.
10:39 08.07.2020
Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың наурыз айында Қарасай ауданының полиция басқармасына 37 жастағы тұрғын арызданған.
"Ол 1 миллион теңгеден астам ақшасы мен жеке заттарының ұрланғанын жеткізген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, күдікті пәтерге кілтті таңдау арқылы кіргенін анықтады", - деді полициядағылар.
Тәртіп сақшыларының күдігіне осы пәтерді жалдап тұратын Тәжікстанның 29 жастағы азаматы ілінді. Күдікті дереу оқиға орнынан ізін суытқан. Дегенмен, көп ұзамай ұсталған. Полицейлердің ақпаратына сәйкес, ол жақында Қазақстанға оралып, Нұр-Сұлтандағы құрылыс нысандарының бірінде жалданып жұмыс істей бастаған.
Күдікті 1 млн теңге және басқа да мүліктерді ұрлағанын мойындады. Жымқырған дүниелерін Тәжікстанға апарып, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
"Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеу кезеңінде оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу аяқталуға жақын", - деді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram