{metadescription}
Дәрігер қайтыс болған әріптестерінің тізімін жариялады - басқарма түсініктемесі

Дәрігер қайтыс болған әріптестерінің тізімін жариялады - басқарма түсініктемесі

Дәрігерлер 3 маусым - 7 шілде аралығында қайтыс болған.

Өлімге екіжақты пневмония себеп болғаны айтылып отыр. Желіде коронавирустан көз жұмған дәрігерлерді еске алуға арналған видео жарияланды. Роликті шымкенттік гинеколог-дәрігер Әлібек Демеуов жариялаған болатын. Видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы видеодағы тоғыз дәрігер қаладағы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істегенін мәлімдеді.

"Медицина қызметкерлері 3 маусым  -7 шілде аралығында көз жұмды. Олар хирург, педиатр, гинеколог, лаборант, УЗИ маманы болып қызмет еткен. Өлім себебі - екіжақты пневмония", - деді денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Желіде кейінірек жарияланған роликтегі тізімге 16 медицина қызметкері енген. Бұған дейін бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова елде коронавирус жұқтырғандардың 11,5%-і медицина қызметкерлері екенін айтқан болатын. Бұл шамамен 5 мың адам. Олардың 18-і қайтыс болды.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.