Коронавирус жұқтырғандарды анықтау үшін иттерді пайдалана бастады
Біріккен Араб Әмірліктерінің полициясы коронавирус жұқтырған адамдарды анықтау үшін иттерді пайдалана бастады.
10:56 10.07.2020
Белгілі болғандай, полицейлер өткізген бірнеше сынақ кезінде иісшіл иттер корнавирус жұқтырған адамдарды дәл анықтаған.
«COVID-19 індетін анықтау оқиғалары (иттермен) 92 пайызды көрсетті», - делінген ведомоство мәлімдемесінде.
Тест екі апта бойы бірнеше аурухана аумағында жүргізілген. Телерананың атап өтуінше, әбден машықтанған иттер көшелердегі, сондай-ақ вокзал және әуежай секілді адамдар топтасқан орындарда патрульдеу кезінде індет жұқтырғандарды анықтай алады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!