Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда коронавирустан да қауіпті пневмония тарағаны рас па: Министрлік түсініктеме берді
Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанда коронавирустан анағұрлым қауіпті пневмония тарағаны туралы мәлімет таратты.
09:34 10.07.2020
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұған қатысты түсінік берді.
"Қытайдың кейбір БАҚ-тарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда көп өлімге әкелетін белгісіз пневмония жағдайлары байқалғаны туралы ақпарат тарады. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сай еместігін ресми түрде мәлімдейді", - деді ведомстводағылар.
Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ аурулардың халықаралық тізіліміне– АХТ-10-ға пневмонияны есепке алатын кодтар енгізгенін атап өтті. Мысалға, "күңгірт шыны" симптомы кезінде өкпенің зақымдануында, КВИ клиникалық және эпидемиологиялық түрде дагностикаланады, бірақ зертханалық түрде расталмайды.
Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты, осындай пневмонияға мониторинг жүргізеді, бұл басқару шешімдерін уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігіндегілер.
9 шілде күні Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмония бойынша жалпы елдегі сандар туралы айтты: соның ішінде бактерия, зең, вирус тудыратындар, соның ішінде АКХТ-10 тізіліміне сәйкес "белгісіз этиологиядағы вирусты пневмония" бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram