{metadescription}
Президент қандай шешім жедел қабылдануы тиіс екенін ескертті

Президент қандай шешім жедел қабылдануы тиіс екенін ескертті

Мемлекет басшысы үкімет мүшелері мен әкімдер үшін денсаулық министрінің ұсыныстары бірінші кезекте орындалатын міндет болуы тиіс екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия жағдайында денсаулық сақтау министрі ерекше мәртебеге ие екенін мәлімдеді.

"Бұл төтенше жағдай болғандықтан, пандемияға қатысты барлық шешімдерді жедел қабылдауымыз керек. Денсаулық сақтау министрінің ұсыныстары мен талаптары үкіметтің өзге мүшелері мен әкімдер үшін бірінші кезекте орындалатын міндет болуға тиіс", - деді Тоқаев үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында. 

Президент министрлікті күнделікті есеппен қамтамасыз етуді тапсырды.

"Бір сөзбен айтқанда, пандемия кезінде денсаулық сақтау министрін ерекше мәртебеге және құзіретке ие деп есептеңіздер. Министрлікке пандемиямен күрес жөніндегі күнделікті есептің және ақпараттың берілуін қамтамасыз етуді үкімет пен әкімдіктерге тапсырамын", - деп атап көрсетті Тоқаев. 

Айта кетсек, 10 шілдеде мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Президент денсаулық сақтау минстрлігінің бұрынғы басшылығы жіберген қателіктерге де тоқталды. Атап айтқанда, уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде дайындық жасалған жоқ. Науқастар саны және басқа да көрсеткіштер бойынша жасалған болжамдары қате болып шықты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде