Ақпарат министрлігі «ұшақпен себіліп жатқан вирус» жайлы пікір білдірді
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «Қазақстан аумағында болып жатыр» деген мәтінмен ұшақтан белгісіз қызыл зат шашыраған бейне көрініс таратылып жүр.
09:00 12.07.2020
«Ақиқатында бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Шынайы ақпарат көздерінен алынған мәлімет бойынша, бұл ұшақтың АҚШ-қа тиесілі екендігі, ал шашырап жатқан зат өрт сөндіру кезінде қолданатын сұйықтық екені мәлім болды. Жалған ақпаратты таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделгенін тағы да бір рет ескертеміз», - делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса министрлік өкілдері тек қана ресми дереккөздерге сенуге шақыратынын жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!