{metadescription}
Тоқаев Атырау облысына қандай көмек көрсетілетінін айтты

Тоқаев Атырау облысына қандай көмек көрсетілетінін айтты

Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші жоғарылағандықтан, өңірге арнайы комиссия аттанған болатын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық пандемияға байланысты Атырау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі", – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

11 шілде күнгі деректер бойынша Атырау облысында 7 662 адамда коронавирус ауруы анықталған. Ал өткен тәулік ішінде 269 адамда аталған індеттің диагнозы расталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Теңіз кен орнында екі мыңнан астам компания қызметкерінде коронавирус ауруы анықталған. Инфекция ошағы ретінде Теңіз кенішіндегі 36 вахталық поселке мен Теңізде жұмыс істейтін 57 ЖШС есепке алынған.

Президент жақында ғана осы өңірге премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған арнайы комиссия жіберген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.